Прокурорлар пробация қызметінде кемшіліктер анықтады

08 октября 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Прокурорлар пробация қызметінде кемшіліктер анықтады - 233431147

Астана қаласының прокуратурасында Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің «2017 жылы және 2018 жылдың 8 айында бас бостандығын айырумен байланысты емес жазаларға сотталған адамдармен жұмыс туралы» тақырыбында кезекті отырысы өткізілді.

Есептегі адамдармен жекеше жұмыстың жоқтығына назар аударылды. Сотталғандарға арналған оңалту бағдарламаларының көбісі біртекті және олардың жеке даралығы мен қажеттіліктерін ескермейді.

Үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимыл жеткіліксіз, соңғылары сотталғандарды қайта әлеуметтендіру процесіне айтарлықтай тартылмаған.

Белгіленген квота бойынша жұмыс орындарының жеткілікті болғанына қарамастан, жұмыс берушілер сотталғандарды әртүрлі себептермен жұмысқа орналастырмау фактілері орын алған, оның ішінде соттылығы бар болғаны да себептердің қатарында.

Баяндалғанды ескере отырып, ҮЕҰ-ға оларды бейімдеу жөніндегі бағдарламаға қол жеткізу, ал соңғысы оның орындалу барысын жеке сүйемелдеуді ұсынды, бұл әркімге жеке көзқарасты қамтамасыз етеді.

Есептегілердің басым бөлігі тұрақты жұмыс орны және тұрғылықты жері жоқ, басқа өңірлердің тұрғындары болып табылатыны анықталды.

Сондықтан, пробация қызметі есеп берушілердің көшуі туралы хабарламаларды мұқият зерделеу және тиісті алдын алу жұмыстарын жүргізу қажеттілігіне бағытталған.

Сондай-ақ, Үйлестіру кеңесінің мүшелері Қылмыстық, Қылмыстық  процестік және Қылмыстық-атқару кодекстеріне бірнеше рет қылмыс жасап, бірақ тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамдардың жауапкершілігін қатаңдату бөлігінде түзетулер енгізуге бастамашылық жасау туралы ұсынысты қолдады.

Тәжірибеде соттар заңнамада тиісті негіздер болмауына байланысты пробация қызметінің жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартып келуде.

Астана қаласының прокуратурасы

 

Комментарии

Добавить комментарий