Астана прокуратурасы бюджеттің 2,7 млрд. теңгеге шығындалуының алдын алды

12 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 Астана қаласы прокуратурасының 7 өтінішхаты бойынша мемлекет мүдделеріне қарсы шығарылған сот актілерінің күшін жойып, бюджеттің 2,7 млрд. теңгеге шығындалуының алдын алды.

Бұл салық дауларымен және мердігерлердің шарттық міндеттемелерді орындауын даулаумен байланысты істер.  

Мысалға, мемлекеттік кірістер саласындағы уәкілетті орган трансферттік баға белгілеудің негізділігін тексеру нәтижелері бойынша «Nova Цинк» ЖШС атына шамадан тыс пайдаға салықты қоса есептеу және жалпы сомасы 3,2 млрд. теңгеге өсімақы есептеу туралы хабарлама берген.

Бұл хабарламамен келіспеген салық төлеуші сотқа өтінішпен жүгінген.

Сот шешімімен Серіктестіктің өтініші қанағаттандырылып, қосымша есептелген сома заңсыз деп танылды және күші жойылды.  

Алайда, іс бойынша қатысушы прокурор апелляциялық өтінішхат енгізіп, онда экспортталатын тауардың (мырыш концентраты) нарық бағасы дұрыс айқындалмағандықтан және тауарды Антверпенге жеткізу шығыстары дифференциалына енгізілгені құжаттай расталмағандықтан хабарламаның толық күшін жоюмен келіспеген.

Нәтижесінде прокурордың апелляциялық өтінішхаты қанағаттандырылып, салық төлеушінің мемлекетке 1,3 млрд. теңгені өтеуіне тура келеді. 

Сондай-ақ прокурорлар ұлттық компаниядан 28 млн. теңгеден астам соманы мәжбүрлеп өндірудің алдын алды.

Атап айтқанда, соттың шешімімен «ІС СЕВЕР» ЖШС-нің «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-на ішкі үй-жайлар клинингі қызметтерін көрсеткені үшін 28 млн. теңгеден астам сомадағы берешекті өндіріп алу туралы талап арызы толық көлемде қанағаттандырылды.

Іс материалдарын зерделей келе, прокурорлар өтініш беруші ұсынған орындалған жұмыстар актілері, шот-фактуралар және төлем құжаттары ұлттық компанияға еш қатысы жоқ екендігін анықтады.  

Прокуратураның бастамасы бойынша заңсыз сот актісінің күші жойылып, Серіктестіктің талап арызын қанағаттандырудан бас тартылды.  

 

Астана қаласының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу