Астана қаласының прокуратурасы органдарының қызметін Үздік ақпараттық басылымға БАҚ арасында конкурс жарияланады

09 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Конкурс 6 желтоқсанда аталып өтілетін Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрылған күніне орай ұйымдастырылуда.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1.      Баспасөз басылымдарында Астана қаласының прокуратура органдары туралы үздік мақала;

2.      Үздік теледидардағы сюжет;

3.      Үздік  ақпараттық  хабарлама.

Жарияланған және эфирге шыққан материалдарға қойылатын басты талап - тақырыпты объективті, жан-жақты, терең зерттеу, өзектілік, жеделділік. Өзекті тақырыпқа арналған басылымдардың немесе теледидардағы сюжеттердің сериялы болуы кутіледі.

Конкурсқа материалдар 2018 жылғы қарашаның 12-і  мен 25-і  аралығында қабылданады.

Жарияланымдарды, аудио-бейне сюжеттерді электрондық мекенжайға жолдау қажет: astana_prokuror@mail.ru. Конкурсқа материалдармен бірге жеке мәліметтерді қоса беру қажет: аты-жөні, телефоны, жұмыс немесе оқу орны, e-mail.

Анықтама үшін телефон: 8(7172) 712448, 712408.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу