Сот орындаушылардың қаулыларын санкциялауға қатысты атқарушылық іс жүргізу заңнамасына енгізілген толықтырулар

04 наурыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2019 жылдың 21 қаңтарында Елбасымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Заңға қол қойылды.

Аталған заң бойынша ағымдағы жылдың 23 сәуірінен бастап прокурордың санкциялау өкілдігін көздейтін Азаматтық-процессуалдық кодексіне, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңына, «Прокуратура туралы» Заңына және басқа да заңнамаларға енгізілген толықтырулар және өзгертулер өз күшіне енеді.

Өткен мезгілде сот орындаушылардың барлық іс-әрекеттері тек сотпен санкцияланғанын айта кету қажет. Енді олардың бір бөлігі прокуратура органдарының өкілеттілігіне берілді. Олар:

  1. банктерден шоттар туралы ақпаратты алу;
  2. жылжымайтын мүлікті алу туралы іс-әрекеттер;
  3. құқық орнатушы құжаттарды алу туралы іс-әрекеттер;
  4. өндіруді жылжыйтын мүлікке аудару туралы іс-әрекеттер.

Соттың өкілеттілігінде елден шығуға уақытша тыйым салу, оның күшін тоқтату және мәжбүрлі түрде әкелу шараларын санкциялау қалдырылды.

Енгізілген өзгертулермен санкциялаудың қаралу күндері бір күннен үш күнге дейін ұзартылды. Аталған шара іс-құжаттардың қаралу сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Прокурормен санкцияланған қаулығына Азаматтық-процессуалдық кодекстің 250 бабының талаптары бойынша шағым жасалуы мүмкін.

Сонымен бірге, прокурордың санкциялаудан бас тарту іс-әрекетіне сот орындаушысы жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқылы.

Заңнамаға енгізілген өзгертулер атқарушылық іс жүргізу актілермен жасалатын жұмыстың сапасын өсіруге және қатысушы тараптардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.

Астана қаласының прокуратурасы

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу