Прокуратура мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғады

29 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астана қаласы Алматы ауданының прокуратурасы қадағалау қызметін жүзеге асыру барысында мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарының  бұзылу фактісін анықтады.

Астана қаласы Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы қадағалаудағы ауданның аумағында тұратын 20 мүгедекке көлік салығын есептегені анықталды.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 365-бабына сәйкес жеке меншігінде бір көлік құралы бар мүгедек салық төлеуші болып табылмайды.

Ағымдағы жылдың 15 маусымда мүгедектердің құқықтарын қалпына келтіру мақсатында  аудан прокуратурасы Мемлекеттік кірістер басқармасының атына заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізді.

Алайда, енгізілген прокурорлық ден қою актісін салық органы тиісті түрде қарамай, мүгедектердің құқықтарын бұзушылықты жоймаған.

Жоғарыда көрсетілген  қадағалау актісін дұрыс қарамау фактісі прокурордың  Алматы аудандық сотына жүгінуіне негіз болды.

2018 жылғы 9 қарашадағы  Алматы аудандық сотының шешімі бойынша аудан прокурорының өтініші қанағаттандырылды, Астана қаласы Алматы ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасының әрекеті  заңсыз деп табылып, мүмкіндігі шектеулі адамдардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Астана қаласының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу