Прокуратура мен халықтың еңбек құқықтарын қорғаудағы өзара іс-қимылының тиімділігі туралы

11 қаңтар 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астана қаласының прокуратура органдары қадағалау қызметі барысында халықпен кері байланысқа ерекше көңіл бөледі.

Оның пәрменді тәсілдерінің бірі жүйелі түрде өткізілетін елорда тұрғындарымен кездесу болып табылады.

Мысалы, «Байқоңыр» ауданы прокуратурасының жүргізген кезекті  іс-шарасы барысында жалақы төлеу бойынша ірі мөлшерде қарыз белгілі болды.

Сонымен, құрылыспен айналысатын кәсіпорынның жосықсыз иесі еңбек шартын жасамай ұзақ уақыт бойы 54 қызметкерге жалақы төлемеген.

Аудан прокуратурасының талабы бойынша қызметкерлермен тиісті шарттар жасалып, 3,5 млн.теңге көлемінде жалақы бойынша берешек төленді.

Осыған ұқсас факт «№2 автобус паркі» ЖШС-де анықталып, онда ден қою шаралары негізінде 128 қызметкердің еңбек құқықтары қалпына келтіріліп,  оларға 12 млн.теңге көлемінде жалақы төленді.

Кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

 

Астана қаласының прокуратурасы

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу