Қылмыстық процеске қатысушылардың өтініштерін сапалы қарау - олардың құқықтарын қорғаудың кепілі

29 мамыр 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қылмыстық процеске қатысушылардың өтініштерін сапалы қарау - олардың құқықтарын қорғаудың кепілі - 1628630917

Астана қалалық прокуратурасында «Қылмыстық процеске қатысушылардың өтініштерін сапалы қарау - олардың құқықтарын қорғаудың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, онда 2017 жылы сотқа дейінгі тергеу органдары, прокуратура және сотпен қылмыстық процеске қатысушылардың өтініштері мен арыздарын қарау бойынша жасалған талдау талқыланды.  

Оған прокуратура, сот және ішкі істер мен мемлекеттік кіріс департаменттері өкілдері, сонымен қатар адвокатар қатысты.

Талдаудың қорытындысын талқылау нәтижесінде, сот актілеріне шағым келтіру себебі, сотқа дейінгі тергеуде азаматтардың өтініштерін негіздемей қанағаттандырудан бас тартуға байланысты екеніні атап өтілді.

Сондықтан Астана қалалық прокуратурасымен процеске қатысушылардың уәждеріне толық жауап беру үшін өтініш пен оларға жауптардың үлгілері жасалды. Айтылған ұсыныстармен олар толықтырылып, тиісті өкілетті органдарға жолданды.

Қатысушылар сотқа дейінгі тергеудің сапасын арттыру, апелляциялық және кассациялық шағымдарды азайтып, соттарды артық жұмыстан арылтуға ықпалын тигізетіндігі жөніндегі пікірге келді.

Талқылау кезінде сотқа дейінгі тергеу органына өтініштерді сапалы қарау және келтірілген әрбір уәжідер бойынша қабылданған шешімді арыз иелеріне хабарлау ұсынылды.

Пошта арқылы арызға жауапты уақтылы алмауды болдырмау үшін, жауапты арыз иелерінің электрондық мекен-жайына қосымша жолдау қажет деп танылды. 

Сот актілеріне шағым келтіру бойынша мәселені кешенді шешу үшін Астана қаласы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасы мен Ішкі істер департаментіне қылмыстық процестің барлық кезеңінде өтініштерді есепке алу механизімін жасау ұсынылды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар қабылданып, уәкілетті органдарға жолданып, ал аудандық прокуратураларға олардың орындалуын тиісті қадағалау жүктелді.  

 

Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу