«Көктал-2» тұрғын-үй кешенінің алданған үлекскерлері ұзақ күткен құрылысты аяқтап, өз пәтерлеріне кіру мүмкіндігі туды

22 маусым 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

2017 жылдың 21 маусымындағы Астана қаласы Алматы аудандық сотының шешімімен «Жаңа Көктал» ТҮҚК-нің 200-ден аса үлескерлердің құқығын қорғайтын қала прокурорының талап арызы қанағаттандырылды.

Жосықсыз құрылыс салушы «Төленді» ТҮҚК және А.С.Байжумановтан («Төленді» ТҰҚК-нің төрағасы және жер телімінің меншік иесі) 1млрд. 655 млн.теңге өндіріліп, дайындығы 85-90% құрайтын аяқталмаған «Көктал 2» тұрғын-үй кешені жер телімімен қоса жаңа құрылған «Жаңа Көктал» ТҮҚК-на берілді.

Сот шешімі дереу орындауға жолданды.

Аталған сот шешімін алғаннан кейін «Жаңа Көктал» ТҮҚК аталған тұрғын-үй кешенін әділет органдарында тіркеу шаралары басталады.  

Бүгінгі күнде тұрғын-үй құрылыс кооперативінде құрылысты өз мүмкіндіктерімен немесе инвесторларды шақыру құқығы пайда болады.

 

 

Астана қаласы прокуратурасының баспасөз-қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу