Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің кінәсінен ұйым басшылары жауаптылықтан құтылды

22 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астананың прокуратурасы Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметінде әкімшілік заңнама талаптарының бұзылуын анықтады.

Ағымдағы жылы өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арыздармен сотқа жүгінбеу немесе уақытылы жүгінбеу фактілері бойынша аталған Департаменттің 86-ы әкімшілік материалдары (Әкімшілік кодекстің 207-бабы) сопен қаралған.

Дегенмен, әрбір 3-сі Департаменттің кінәсінен сотпен қысқартылған (жауаптылыққа тарту мерзімін өткізіп алу және тиесілі емес тұлғаларға хаттамаларды толтыру).

Мысалы, ағымдағы жылдың шілде айында сот Энергетика вице-министріне қатысты әкімшілік істі тоқтатты, себебі оның лауазымдық міндеттеріне «D3D» ЖК-ін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап арызбен жүгіну жатпаған.

Басқа мысал, жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты сот Қалалық соттар әкімшісінің басшысына қатысты істі тоқтатты (бұзушылық анықталғаннан 3 ай өткен соң хаттама толтырылған).  

Осы тектес негіздер бойынша Төтенше жағдайлар комитеті, «Астана ЛРТ» ЖШС-гі, «Казсушар» РМК-ның және басқа да квазимемлекеттік сектордың лауазымды тұлғалары жауаптылықтан құтылды.  

Прокуратураның ұсынымын қарау нәтижесімен Департаменттің  екі басшысы әртүрлі тәртіптік  жауаптылыққа тартылып, Департаментпен алдағы уакытта әкімшілік заңнаманы бұзуға жол бермейтін іс-шаралар жоспары бекітілді.

 

Астана қаласы прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу