«ӘІБТ»: қателіктер мен бұрмалаулар өткен кезеңде

02 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«ӘІБТ»: қателіктер мен бұрмалаулар өткен кезеңде  - 179182771

Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік іс жүргізуді электрондық форматқа кезеңімен көшіру жүзеге асырылуда.

Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен елордада 2017 жылғы 17 шілдеде іске қосылған «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» (ӘІБТ) атты пилоттық жобасы іске асырылуда.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыруды оңтайландыру мақсатында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетімен «ӘІБТ» мобильді қосымшасы әзірленіп, ол ҚжАОАЖ (құқық қорғау және арнаулы органдардың ақпарат алмасу жүйесі) деректер базасымен интеграцияланған, онда 87 ақпараттық жүйенің мәліметтері жинақталған.

Бұл қосымша іс қозғалған кезден бастап қаулыны орындағанға дейінгі процесті автоматтандыруға, сол жерде әкімшілік айыппұлды ПОС-терминал арқылы төлеуге мүмкіндік береді.

Қазіргу уақытта елордада «ӘІБТ» бойынша жұмыс 468 планшетте жүргізілуде.

Нақтыласақ, полиция қызметкері құқық бұзушылық бойынша мәліметті планшетке теру арқылы әкімшілік істі қозғайды.

Құқық бұзушының ЖСН-ін енгізген сәттен бастап жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасынан келесі мәліметтер жинақталады: техпаспорт, сақтандыру полисі, автокөлік иесінің іздеуде болуы және автокөлікті айдап әкету, сондай-ақ бұрын жасаған қылмыстары мен құқық бұзушылықтары туралы көрсетеді.

Полиция қызметкері онлайн режимде автокөлік иесіне қатысты ақпаратты тексереді және оларды ескере отырып әрекеттерін саралайды.

Жүйе айыппұлдың басқа мөлшерін салуға, заңсыз жаза қолдануға, анкеталық деректерден қателесуге мүмкіндік бермейді.

Толтырылған электрондық хаттама дереу орталықтандырылған базаға түседі. Электрондық хаттаманы ресімдеу 15 минуттан астам уақытты қажет ететін қағаз хаттамаға қарағанда небәрі 3-5 минутты алады.

Бұған дейін айыппұл қағаз жүзінде ресімделіп, бір тәулік өткеннен кейін ғана тиісті базаға енгізіліп келген, оған қоса азаматтар айыппұлды сол жерде төлеуге мүмкіндік берілмеген.

Енді азамат айыппұл салған мемлекеттік органға айыппұл төлегені туралы түбіртекті әкелуі қажет емес. Төлем базадан көп күттірмей шығып, айыппұлды төлеу бойынша міндеттеме сол мезетте алынып тасталынады.

Қосымша енгізілгенге дейін, құқық бұзушылар айыппұлдарын уақтылы төлегенімен де, ол туралы мәліметтер түрлі себептермен деректер базасында көрсетілмеген жағдайлар болған, бұл азаматтардың банк шоттарына тыйым салу және мүлкіне шектеу қоюға негіз болып келген.

Енді бұндай қателіктерге жол беру мүмкін емес, себебі «ӘІБТ» жүйесі екінші деңгейдегі банктермен интеграцияланған және айыппұлдар төлеу туралы ақпарат қосымшаға онлайн режимде түседі.

Ағымдағы жылдың 9 айында елордада электрондық форматта 427 млн. теңгеге 55 510 айыппұл салынған.

Ерікті түрде төленбеген айыппұл дереу мәжбүрлеп орындатуға жіберіледі.

«ӘІБТ» жобасының артықшылықтары айқын. Бұдан былай «бір жұмысты қайта жасау» болмайды, полиция қызметкерлері мен құқық бұзушылардың уақыты едәуір үнемделеді, материалдарды толтыру кезінде бұрмалау және қате жіберу фактілері өткен кезеңнің еншісінде.

Мысалы, 2017 жылы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша материалдарды бұрмалаудың 46 фактісі тіркелген. «ӘІБТ» жобасы бұл тәжірибені түпкілікті жояды.

Сонымен қатар Астана қаласының прокуратурасы «ӘІБТ» қосымшасын жетілдіру бағытында жүйелі жұмыс атқарып келуде. Қазіргі уақытта 20-дан астам ұсыныстар енгізілген, олардың өзектілігін жобаның үйлестірушісі қолдап, іске асыруға кіріскен.

 

Астана қаласының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу