«Есіл» аудандық прокуратурасымен жиын өткізілді

30 мамыр 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылдың 26 мамырында Астана қаласы Есіл аудандық прокуратурасымен және аудан әкімдігімен бірлесе отыра  Ильинка шағын ауданы тұрғындарымен жиын өткізілді.

Тұрғындармен жиын азаматтардың маңызды мәселелерін шешу мен құқықтық сауаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Іс шара № 69 орта мектепте өтті. Жиын мақсаты - мәселелерін созбалаңға және формализмге салынусыз, сонымен қатар нақты көмек көрсету мен қолданыстағы заңдылықты сауатты түсіндіру.

Жиын аудан прокуроры Т.А. Әлібаев пен Есіл ауданы әкімі Е.Қ. Бөлекпаевтың төралығымен өтті. Түсініктер: тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы; мектептегі оқушылардың дұрыс тамақтануы, әлеуметтік-экономикалық саласы мен учаскелік полиция қызметкерлердің жұмысы бойынша берілді.  Өткізген жиында 300-ден астам тұрғындар қатысты.

Аталған шағын аудан тұрғындарының өзекті мәселері бақылауға алынды.

 

 

Астана қаласы прокуратурасының баспасөз-қызметі

«Есіл» аудандық прокуратурасымен жиын өткізілді - 384329046
«Есіл» аудандық прокуратурасымен жиын өткізілді - 774237821
«Есіл» аудандық прокуратурасымен жиын өткізілді - 627779408

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу