Елордалық прокуратура өтініштермен жұмыс жсау тәсілін өзгертті

29 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астана қаласының прокуратурасы Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді орындау үшін жүйелі шаралар қабылдауда.

Біріншіден, азаматтарды қабылдау кезіндегі негізгі өлшем ретінде прокуратура органдарында өтініштерді қараудың жаңа тәртібін қолжетімді түсіндіру және азаматтарды қызықтыратын мәселелерді шешу құзыретіне кіретін тікелей мемлекеттік органға өтініш жасауға бағыттау анықталды.

Бұл үшін өтініштерді қабылдауға жауапты лауазымды тұлғалардың байланыс номерлерін көрсете отырып, мемлекеттік органдардың бірыңғай анықтамалығы қалыптастырылды. Кезекші прокурор мемлекеттік органда қабылданған өтініш туралы растауды алғаннан кейін ғана осы мәселені бақылаудан алады.

Осылайша, азаматтарды қабылдау кезеңінде мемлекеттік органдармен құзырет бойынша өтініштерді қайта жіберу түрінде артық хат алмасу қысқартылады.

Екіншіден, басшылықтың азаматтарды жеке қабылдау тәртібі қайта қаралды. Енді қала прокуроры азаматтарды аптасына екі рет, ал оның орынбасарлары, аудан прокурорлары мен олардың орынбасарлары күн сайын қабылдайды.

Нәтижесінде, жеке қабылдауда қабылданған азаматтардың саны 46% - ға өсті(1 526-ден 2 225-ке дейін).

Үшіншіден, прокуратура "Нұр Отан" партиясы филиалының алаңында тоқсан сайын полиция, Мемлекеттік кірістер, әділет органдары, әкімдік және Ұлттық Банктің қалалық филиалы басшыларымен азаматтарды жеке қабылдауын өткізу тәжірибесі енгізілген.

Іс-шараның ерекшелігі -  бір алаңда уәкілетті органдар "Халықтық кеңсе" қағидаты бойынша елорда тұрғындарының проблемалық мәселелерін кешенді түрде қарайды.

Бұл қағидат бойынша барлығы 100-ден астам адам қабылданды. 19 өтініш бойынша түсініктеме берілді, 10 өтініш орнында шешілді. Қосымша қарауды талап ететін өтініштер мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бақылауына алынды.

Осы шаралардың барлығы прокуратураға келіп түскен өтініштердің санын 8% - ға(20 995-тен 19 556-ға дейін) азайтуға, сондай-ақ басқа ведомстволарға жіберілген өтініштердің санын 10% - ға(7 561-ден 6 877-ге дейін) қысқартуға мүмкіндік берді.

Астана қаласының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу