Елордада қасақана кісі өлтірудің алдын алу мәселелері талқыланды

22 ақпан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Елордада қасақана кісі өлтірудің алдын алу мәселелері талқыланды - 1183797084

Бүгін Астана қаласы прокурорының төрағалығымен құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, онда адам өміріне қарсы қылмыстардың алдын алу және оларды тергеу мәселелері талқыланды.

2018 жылы адам өлтіру қылмысы 58%-ға (46-дан 29-ға дейін), сондай-ақ денсаулыққа ауыр зиян келтіру қылмысы 37%-ға (22-ден 16-ға дейін) төмендеуі атап өтілді.

Оң динамикаға қарамастан, бұл мәселе өзекті болып қалуда және прокуратураның тұрақты бақылауында.

Талдау көрсеткендей, құқық бұзушылықтардың көпшілігі мас күйінде және отбасылық-тұрмыстық салада жасалынуда.

Өткен жылы полиция органдары алкоголь өнімдерін заңсыз сату бойынша 298 фактіні анықтап, 28 кәсіпкердің лицензиясы тоқтатылды.

Учаскелік полицейлердің қайта жасалған және тұрмыстық қылмыстардың алдын алу бойынша, сондай-ақ аталған бағыттағы пробация қызметінің жұмысы жеткіліксіз, яғни сапасыз жүргізілуде.

Полицияның учаскелік инспекторлары өткен жылы әйелдердің мүддесіне 5 мың қорғау ұйғарымдарын (жәбірленушінің ізіне түсуге, баруға, ауызша және телефон арқылы сөйлесуге тыйым салу) шығарғаны анықталды. Алайда, кінәлі тұлғалардың ұйғарымдарды одан әрі сақтауына бақылау жүргізілмеген.

Іс-шараның қорытындысы бойынша полиция жұмысын жетілдіруге, қайталанған қылмыстардың алдын алуды күшейтуге, азаматтардың тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы арыздарынна жауап берудің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар шешімдер қабылданды.

Полиция департаментіне қорғау ұйғарымдарын орындау процесіне өзгерістер енгізу тапсырылды, учаскелік полиция инспекторларының жұмысын қылмыстарды әшкерелеу саны бойынша емес, олардың жоқтығы бойынша бағалау ұсынылды.

Қала прокуратурасы «Этил спиртінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңның бұзылуын болдырмау мақсатында, шағын және орта бизнес субъектілеріне түнгі уақытта алкогольдік ішімдіктерді заңсыз сатқаны үшін лицензияның күшін 3 ай мерзімге тоқтатып, айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ескертеді.

Астана қаласының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу