Елорда прокуратурасының араласуынан кейін алаяқтар сотталды

29 мамыр 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Елорда прокуратурасының араласуынан кейін алаяқтар сотталды - 933161482

Астана қаласының прокуратурасы, қылмыстық қудалау органымен 4 жылдан астам тергеу жүргізілген алаяқтық фактісі бойынша екі қылмыстық істі сотқа жолдады.

Қылмыстық іс бойынша жәбірленушілер саны 25 болса, ал келтірілген залал көлемі 80 млн.тенгені құрады.  

Бір қылмыстық іс, ипотекалық кредиттеуге қатысты 2014 жылы қозғалған.

2014 жылдың қараша айынан, риэлтерлік компания қызметкері бола тұра алаяқ, 2-ші деңгейдегі банктерден клиенттерге ипотекалық кредит алып беруге қолғабыс көрсетуді ұсынған. Онымен қоса, әрі-қарай оны «Құрылысжинақбанк» АҚ-да қайта қаржыландыруды да ұсынған. Бұл әрекетін алаяқ 5000  АҚШ долларына бағаланған. Соның салдарынан 11 адам алданған.

Күдіктінің кінәлілігіне анық дәлелдемелердің болуына қарамастан, қылмыстық қудалау органдарымен заңсыз сотқа дейінгі тергеудің мерзімін үзу және тоқтату шешімдері қабылданған.

Соның нәтижесінде, барлық тергеу мерзімі барысында күдікті өз қылмыстық әрекетін жалғастырған, оның салдарынан алданған азаматтар саны артып отырған.

Алматы ауданы прокуратурасының ықпал етуі арқасында, күдіктінің ауыр қылмысқа кінәлі екендігіне дәлелдемелер мен қылмыстық іс бойынша мән-жайды жан-жақты анықтау үшін жедел-тергеу әрекеттерінің жүргізілуі қамтамасыз етілді. Прокуратураның нұсқауымен күдікті күзетпен ұстауға алынды.

2018 жылдың ақпанында күдікті сот үкімімен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Сот жәбірленушілердің келтірілген залалдың орынын толтыру туралы талап-арыздарын қанағаттандырды.

Келесі қылмыстық істе 2014 жылы, баспана алуға қатысты алаяқтық фактісі бойынша қозғалған.

2013 және 2014 жылдар аралығында, елорда аумағында алаяқтар тобы өз әрекеттерін жүзеге асыра бастағандығы, олар қол жетімді баспана алып беруге көмектесеміз деп, 14 жәбірленушіні алдап кеткендігі анықталды. 

Жәбірленушілер ауқымды соманы алаяқтарға берген, алайда баспанаға қол жеткізу мүмкін болмаған. Бұл қылмыстық іс бойынша төрт жылдың ішінде тек қана бір тұлға күдікті ретінде танылды.

Алматы ауданы прокуратурасының нұсқауы бойынша, бұрын қылмыстық қудалау органымен анықталмаған тағыда үш серіктесінің қатыстылығы дәлелденді. Осылайша, қылмыстық істі тергеуге жаңа серпін берілді.

Соның нәтижесінде, барлық күдіктілердің бұрын осы секілді қылмыстар бойынша соттылығының барлығы анықталды. 2018 жылдың қаңтарында қылмыстық іс сотқа жолданды және а.ж. 30-шы наурызындағы үкімге сәйкес кінәлі төрт тұлға әр түрлі мерзімге бас бостандықтарынан айрылды.

Өз қызметіне салғырт қарағандығы және іс бойынша тергеуде әуре-сарсаңға жол бергендігі үшін, бірнеше лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды.

 

Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу