ЭКСПО-2017 қауіпсіздік мәселелері бойынша жұмыс кеңесі

09 маусым 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астана қаласының «Есіл» ауданының прокуратурасымен аудан әкімдігінде «ЭКСПО-2017 Мамандандырылған халықаралық көрмеде» (бұдан әрі-Көрме) еңбек ұжымдары арасындағы жағдайы(еңбек қауіпсіздігінің жағдайы және уақытылы жалақы төлеу), қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және объектілердің өрт қауіпсіздігіне байланысты жұмыс кеңес өткізілді.

Кеңесте уәкілетті мемлекеттік органдарының бірінші басшылары (аудан әкімі,Астана қаласы жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы, Жергілікті полиция қызметінің және төтенше жағдайлар Басқармасының бастығы), Көрме басшылығы және құрылыс бойынша бас мердігерлер қатысып(«АБК Курылыс-1» ЖШС, «СК «Базис»ЖШС, «САЭС»ЖШС, «Сембол Улусларарасы, Ятырым Тарым Пейзаж Иншаат Туризм Санайи Ве Тиджарет Аноним Ширкети» АҚФ, «Туркуаз Ида Строй»ЖШСФжәне «Шанхи групп»ЖШС), сол жерде олармен өзекті мәселелер талқыланып және олардың шешілетін жолдары табылды.

Уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерімен кеңесте Көрме бойынша қиындық туғызатын слайдтар көрсетіліп және ол бойынша альбомдар таратылды.

 

 

Астана қаласы прокуратурасының баспасөз-қызметі

 

ЭКСПО-2017 қауіпсіздік мәселелері бойынша жұмыс кеңесі - 471234581
ЭКСПО-2017 қауіпсіздік мәселелері бойынша жұмыс кеңесі - 2034431855

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу