Айыппұл – қылмыстық істер бойынша тағайындалатын жазаның бір түрі.

16 қыркүйек 2015 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін ағымдағы жылдан бастап айыппұл түрінде жаза қолдану көзделген. Айыппұл – бұрыннан келе жатқан жаза түрі. Бұл көптеген мемлекеттердің қылмыстық құқығында қолданылады. Айыппұл дегеніміз – қылмыс жасағаны үшін салынатын, әдетте мемлекет пайдасына өндіріп алынатын ақшалай қаражат.

Айыппұл салу өз кезегінде қылмыс жасаудың нәтижесінде мемлекетке немесе жәбірленуші тарапқа келтірілген залалды өтеуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес, сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін келесі көлемде айыппұл салынады:

Пара алушылар үшін жаза:

·        Параның 50-80 еселік сомасы

·        15 жылға бас бостандығынан айыру (сараланатын белгілерге байланысты)

Делдалдар үшін жаза:

·        Параның 10-20 еселік сомасы

·        6 жылға бас бостандығынан айыру (сараланатын белгілерге байланысты)

Айыппұл көлемін анықтаған кезде, әрбір нақты жағдайда оның мөлшері сотталушы жасаған қылмыстың ауырлығына байланысты саралануы қажет.

Егер сотталушы сот тағайындаған айыппұлды төлеуден әдейі жалтарса, онда жаза түрі бас бостандығынан айыру секілді анағұрлым ауыр жазаға өзгертіледі.

Сот тәжірибесі көрсеткендей, 2015 жылдан бастап елорда соттары сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін 11 лауазымды тұлғаға айыппұл түрінде жаза тағайындады. Ағымдағы жылдың қыркүйек айындағы жағдай бойынша сотталушы тұлғалар бюджетке 300 миллион теңгеден аса айыппұл төлеген.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу