Астананың прокурорлары үлескерлерге 167 миллион теңгенің төленуіне көмектесті

17 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Астананың прокурорлары  үлескерлерге 167 миллион теңгенің төленуіне көмектесті  - 1832849417

Астана қаласының қылмыстық қудалау органдары «Юго-Восток» ТК-нің құрылысын аяқтамаған «Инженерно-сервисная компания» ЖШС-нің басшыларына қатысты қылмыстық істі бір жылдан астам тергеп келген.

Астана қаласы прокуратурасының араласуынан кейін жедел-тергеу әрекеттері жүргізіліп, іс бойынша барлық мән-жайлар анықталды.

Процесс прокурорының нұсқауы бойынша компанияның басшылығы Г.М. Жұбатқанов пен К.М. Жұбатқановтарға қатысты қамауға алу туралы бұлтарпау шарасы қолданылып, олар сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi талан-таражға салғаны және алдау жолымен мүлiктiк залал келтiргені (ҚК-тің 189б. 4б. 2т., 195б. 4б. 2т.) үшін сотқа берілді.

Екеуі де 8 жыл мерзімге бас бостандығынан және сол мерзімге құрылысқа қатысты барлық меншік түрлерінің ұйымдарында басшылық ету құқығынан айырылды.

Олардан 35 үлескердің пайдасына 167 млн. теңге көлемінде келтірілген зиян өндірілді.

Өндірілген сома есебінен үлескерлерге аяқталмаған «Юго-восток» ТК –і құрылысының бір бөлігі (мансард қабаттары), 0,3248 га көлеміндегі жер учаскесі және билік етуге құқық беретін құжаттар берілді. 

Астана қаласының прокуратурасы

  

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу