Астаналық прокуратура бюджетті 600 миллион теңгеге толықтырды

19 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Астаналық прокуратура  бюджетті 600 миллион теңгеге толықтырды  - 1284344091

Астана қаласының прокуратурасы екі шаруашылық жүргізу субъектісімен салық төлемдерін төмендету арқылы салық заңнамасын бұзу деректерін анықтады.

Ағымдағы жылы «Arabtec Consolidated Contractors Limited» компаниясының филиалы әлеуметтік және жеке табыс салықтарын төлеуден жалтарғаны бекітілді.

Компаниямен салық органдарына ұсынылған декларацияға сәйкес жалақы қоры 1 млрд. теңге құраған, алайда еңбек саласындағы құзыретті мекеменің ақпараты бойынша көрсетілген кезеңде төленген жалақы төлемдері 4 млрд. теңгені құраған.

 Осылайша компаниямен  бюджетке төленуге жататын салықтың көлемі 3 есе төмендетілген.

Осы тектес, «World Monitoring» ЖШС-мен бюджетке төленетін салық төлемдерінен жалтару мақсатында, іс жүзінде 136 млн. теңге құраған жалақы төлемдері декларацияда көрсетілмей, жалақы бойынша төлемдер нөлдік қор құрағаны туралы жалған ақпарат ұсынылған.

Нәтижесімен «Есіл» аудандық прокуратурасымен мемлекеттік кірістер басқармасына заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді.

Аталған ұсыныстың негізінде екі компаниядан бюджетке 630 млн. теңге салық өндірілді.

Астана қаласының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу