Астанада жұмыс жасап жатқандарды өзінің мамандығы бойынша оқыту үшін бюджет қаражаты жұмсалған

21 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Астанада жұмыс жасап жатқандарды өзінің мамандығы бойынша оқыту үшін бюджет қаражаты жұмсалған - 167512250

Бүгін Астана қаласының прокуратурасында халықты жұмыспен қамту саласында заңдылықтың сақталуы бойынша алқа отырысы өтті.

Жұмысқа қылмыстық-атқару жүйесінің, мемлекеттік кірістер, әділет органдарының, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының, сондай-ақ басқа да уәкілетті органдардың бірінші басшылары қатысты.

Астана прокуратурасымен «Жұмыспен қамту – 2020» және «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру барысында заңдылықтың сақталуы тексерілді.

Тексеруге қылмыстылық деңгейінің жалпы төмендеуі жағдайында жұмыссыздар жасаған қылмыстар санының 11%-ға өскені негіз болды.

Астанада тіркелген қылмыстардың жалпы саны 14 мыңнан асады, олардың 25%-дан астамын жұмыссыздар жасаған.

Тексеру нәтижелері бойынша бюджеттік қаражатты жоспарлау және жұмсау кезінде тиісті бақылаудың жоқтығы бөлігінде жауапты мемлекеттік органдардың жұмысы қанағаттанарлықсыз деп танылды.

Нақтыласақ, бағдарламаларда көзделген мақсаттарға қол жеткізілмегені  белгілі болды.

Жалпы тиімсіз жұмсалған қаражаттың сомасы 52 млн. теңгеден астам.

Мысалы, еңбек нарығы қажеттіліктерін тиісінше болжамдамау салдарынан сұранысы жоқ мамандықтар бойынша оқуға 169 азамат жіберілгеннен 6,5 млн. теңгенің ұтымсыз жұмсалуына әкелді.

Жұмысы және оқылатын мамандықтар бойынша білімі бар 15 азаматты сол мамандықтар бойынша оқуға негізсіз жіберу фактілері де бар.

Барлық анықталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.

Алқа қорытындысы бойынша қала прокуратурасымен лауазымды адамдардың құқыққа қайшы әрекеттеріне түбегейлі баға беру тапсырылып, уәкілетті органдардың жауаптылығын күшейту және олардың жұмысын ұйымдастыру мәселесін қайта қарау ұсынылды.

Астана қаласының прокуратурасы

 

Астанада жұмыс жасап жатқандарды өзінің мамандығы бойынша оқыту үшін бюджет қаражаты жұмсалған - 458292319

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу