Астанада есірткіні сатумен айналысқан трансұлттық топ әшкереленді

20 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Астанада есірткіні сатумен айналысқан  трансұлттық топ әшкереленді  - 506396474

Қазақстанда алғаш рет интернет-магазин арқылы синтетикалық есірткі заттарын біржарым жылдан астам таратумен айналысқан трансұлттық топ әшкереленді.

Ресей азаматымен басқарылған топтың 11 қатысушысы 2016 жылдың сәуірінен бастап 2017 жылдың қазанына дейінгі аралықта жақын және алыс шет мемлекеттерінен қатты әсері бар заттарды алып, оларды кішігірім лектерге өлшеп орап, кейіннен Астана, Алматы, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында таратқан.

Ол үшін олармен «Qiwi» терминалдары арқылы тауарға төлем жасау мүмкіндіктері қарастырылған жасырын әрекет етудің күрделі жүйесі ойластырылған. Өз кезегінде бұндай жүйе есірткі заттарын тарату деректерін анықтау барысын едәуір қиындатқан.

Тек Астанада тәулігіне сатылым мөлшері 300 дозаны құраған.

Тергеп-тексерудің шегінде қала прокуратурасымен берілген бірнеше нұсқаулардың және жалпы жүргізілген тергеу әрекеттерінің нәтижесінде есірткіні сатудың теңдессіз жасырын әдісі және топ мүшелері әшкереленген. 

Астана қаласының Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен кінәлі тұлғалар ҚР ҚК-нің 264-бабының 2-бөлігімен, 286-бабының 3-бөлігімен, 297-бабының 4-бөлігімен және 385-бабының 2-бөлігімен 10 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотты болған.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Астана қаласының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу