Астана прокуратурасында 2018 жылдың жұмысын қорытындылады

24 қаңтар 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астана қаласының прокуратурасында 2018 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті.

Бас Прокурордың қылмыстық-құқықтық саланы ізгілендіру туралы нұсқауы аясында қылмыстық процестің жазалаушылығын біршама төмендетуге қол жеткізілгендігі атап өтілді.

Мысалы, қамауда ұстау 23%-ға (1417-ден 1 092-ге дейін) төмендеді. Соның нәтижесінде, ұсталғандар саны 13%-ға (1 484-тен 1 284-ке дейін) азайды.

Ізгілендіруге қарамастан және халық санының жыл сайын 40 мың адамға өсуі кезінде, қылмыстылықты 24%-ға (2017 ж. 19%-ға) азайтуға қол жеткізілді.

Негізгі күштер ұрлықпен және жеке тұлғаға қарсы қылмыстармен күресуге бағытталды.

Ұрланған заттарды сатып алатын орындар, базарлар мен ломбардтарда тексерістер жүргізілді. Азаматтарға ұрланған заттарды сатып алғаны үшін қылмыстық жауаптылықтың туындау салдары түсіндірілді.

Түнгі уақытта алкоголь өнімдерінің айналымын бақылау күшейтілді. Ойын-сауық орындары орналасқан аудандарда торуылдау екі есе арттырылды, кәсіпкерлермен спирттік ішімдіктерді заңсыз сату және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеу салдарынан туындайтын жаппай тәртіпсіздіктерге жол бергені үшін лицензияларын кері шақыртуға және қылмыстық қудалауға дейінгі жауапкершіліктері  туралы түсіндіру жұмысы күшейтілді.

Тұрғын үй кешендерінің аумағында прокуртура қызметкерлері ішкі істер органдарымен бірлесіп тұрғын үй кешендерінің аумағында тұрғындармен, автокөлік иелері және ПИК-нің өкілдерімен 800-ден астам жиын өткізіп, пәтерлер мен машиналарды тонау әдістері олардың назарына жеткізілді.

Алаяқтық профилактикасы жөніндегі медиажоспар шеңберінде бейнероликтер түсірілді (ХҚКО-да, автобустарда және халық көп жиналатын басқа да орындарда трансляциялануда) және алаяқтардың тәсілдері мен әдістері ашып көрсетілген бірқатар мақалалар жарияланды, сондай-ақ олардың құрбаны болмау жолдары ұсынылды.          

Атап айтқанда, алаяқтықтың жаңа түрі туралы мақала жарияланып, онда бірнеше ондаған азаматтарға залал келтірген жиһаз дайындау бойынша қызметтерді адал көрсетпегені туралы мысалдар келтірілген.

Бұл шаралардың нәтижесі адам өлтіру 35%-ға (48-ден 29-ға), өлімге әкелген денсаулыққа ауыр зиян келтіруді 30%-ға (23-тен 16-ға), ұрлықты 27%-ға (19 559-дан 14 210-ға), тонауды 25%-ға (1 090-нан 815-ке), қарақшылықты 10%-ға (51-ден 46-ға) төмендетуге мүмкіндік берді.

Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша жер қатынастары және тариф белгілеу саласында тексерулер жүргізілді. 

Атап айтқанда, «Астана-Энергия», «Астана-РЭК», «Астана-Теплотранзит» АҚ-да және «Астанаэнергосбыт» ЖШС-де тексеру жүргізілді.

Бұл компаниялардың табиғи монополиялар саласындағы заңнаманың көптеген бұзушылықтарына жол бергені, бюджет қаражаттарын мақсатсыз пайдалғаны, инвестициялық бағдарламаларды орындамағаны анықталды.

Прокуратураның енгізген актілерінің нәтижелерімен 3 монополист үшін 1,2 млрд. теңгеге электр мен жылу бағаларын төмендететін уақытша өтемдік тариф белгіленді.

Осылайша, жылумен жабдықтауға арналған тарифтер Гкал үшін 2297,74 теңгеден 2069,73 теңгеге және электрге кВт/с үшін 14,59 теңгеден 12,62 теңгеге төмендетілді.

«Жұмыспен қамту – 2020» және «2017-2021 жж. аралығында жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын тексеру барысында 6,5 млн. теңгеге 169 азамат қажетсіз мамандықтар бойынша оқытылғаны анықталды.

29,9 млрд. теңгеге 2,7 мыңнан астам үлескердің мүддесіне қала прокуратурасының 30 талап-арызы қанағаттандырылды. Бүгінде 4,2 млрд. теңгеге 392 азаматтың мүддесіне 3 талап-арыз қаралуда.

Сөйтіп, барлық осы активтер алданған үлескерлерге қайтарылып, проблемалық объектілердің құрылысын өз бетінше аяқтауда.

Жаңа проблемалық объектілердің пайда болуына жол бермеу мақсатында елорда прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп құрылыс объектілері мен жосықсыз құрылыс салушылардың хабарландыруларын анықтауға тұрақты мониторинг жүргізуде.  

2018 жылдың ішінде «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңды айналып өтіп азаматтардың қаражаттарын тартқан 41 құрылысшылар анықталып, олардың ішінде 14-нің әрқайсысына 300 АЕК (721 500 теңге) мөлшеріндегі айыппұл салынды.

Кешенді шаралардың нәтижесінде 2018 жылы проблемалық объектілер саны 2 есеге (58-ден 28-ге) қысқарды.

Отырыс қорытындысымен биылғы жылға басым бағыттар айқындалды.

Астана қаласының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу