Астана прокуратурасы сотталушылардың нақты жазалануына қол жеткізді

03 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астана қаласының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау аясында Елордадағы екі тұрғынның жәбірленушіні зорлауға қатысты ісі бойынша қылмыстық қудалау органының тиісті шара қолданбау фактісін анықтады.

Нақтыласақ, бір ғана қылмыстың жасалмағаны, зорлаушылардың тағы бір құрбаны бар екені бекітілді.

Екі қылмыс кезінде де дене жарақатын салып қана қоймай, моралдық жағынан да қиянат жасаған.

Бірінші факті бойынша қылмыстық іс күдікті тұлғалардың өз әрекеттеріне өкінулеріне байланысты қылмыстық қудалау бірнеше рет тоқтатылып келген.

Іс бойынша өндіріс қадағалау шаралары негізінде сотқа дейін жеткізілді. Есіл аудандық сотының үкімімен сотталушыларға шартты түрде 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соттың бұл шешімімен келіспеген мемлекеттік айыптаушы жазаның жасалған қылмыстардың ауырлығы мен сотталғандардың жеке басына сәйкес келмеуiне байланысты апелляциялық өтініш енгізді.

 Астана қаласы сотының апелляциялық алқасымен Есіл аудандық сотының үкімі өзгертілді. Прокурордың өтініші толық   қанағаттандырылып, сотталушылардың әрқайсысына 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

 

 

Астана қаласының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу