Астана қаласының прокуратурасында «Жасөспірімдер арасындағы қылмыстықтың алдын алуын жаңғырту»

13 желтоқсан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Астана қаласының прокуратурасында  «Жасөспірімдер арасындағы қылмыстықтың алдын алуын жаңғырту» - 2049150400

Бүгін Астана қаласының прокуратурасында Білім басқармасы бастығының, прокурордың, Астана қаласы ХТЖ ІІД бастық орынбасарының, Бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдары Академиясының меңгерушісінің қатысуымен  Ведомствоаралық мәжіліс өткізілді.

Ведомствоаралық кеңес Астана қаласы прокуратурасының  бастамасымен а.ж. тамыз айында өткен «Жасөспірімдер арасындағы қылмыстықтың алдын алуын жаңғырту» әлеуметтік жобасының бірінші кезең қорытындылауын іске асыруына арналған.

Жобаның мақсаты жасөспірімдер арасындағы қылмыстықты  әдеттен тыс әдістермен барынша төмендету.

Жоба 5 бағыт бойынша іске асырылады: тәуекел тобындағы жасөспірімдермен жұмыс, тәлімгерлік институтының қалыптасуы, жасөспірімдерді демалыс уақытында құқық қорғау органдарының Академиясында оқыту, түрлі іс-шараларға тарту, ерте алдын-алу шараларын қолдану.

Бұл жобаның іске асырылуында «Назарбаев Университеті» профессоры Ф.Я. Вассерманның бірегей авторлық «Биоэнергетика және синергетика» әдістемесі қолданылады.

Ережелерге сәйкес жасөспірімдер өз қоғамдастығын және мінез-құлқын өздері қалыптастырады. Өзін-өзі басқару қағидасы қолданылады, оқушылар арасында түрлі бағыттар бойынша министрлер тағайындалады: ішкі істер, спорт және т. б.

Сонымен қатар, демалыс уақытында Академияда жасөспірімдерді құқық негіздеріне оқытты,прокурор,полиция қызметкерлерінің жұмысы бойынша, кәсіби бағдарлау бағыттары бойынша түсіну негіздерімен таныстырылды, ал ең маңыздысы атаулы футболшылармен достық жарысқа қатысып, өз армандарын орындады. 

Нәтижесінде, жобаны іске асыру барысының 4 айы ішінде жасөспірімдер арасындағы қылмыстық 36%,  ювеналды полицияның есебінде тұрған кәмелетке толмағандардың саны 25 % төмендеді.

Кеңестің қорытындысы бойынша жобаның бірінші кезеңін іске асыруының нәтижелері шығарылды, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен көзге түскен жасөспірімдер мен жоба қатысушылары марапатталды. Осы бағытта жұмысты жалғастыру және жобаның екінші кезеңіне өту шешілді.

 

Астана қаласының прокуратурасында  «Жасөспірімдер арасындағы қылмыстықтың алдын алуын жаңғырту» - 1838728694

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу