Астана қаласының прокуратурасы 100 миллион теңгеден астам сомаға бюджет шығынының алдын алды

06 наурыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астана қаласы прокурорының апелляциялық өтініші бойынша 107 миллион теңгеден астам сомаға бюджет шығынының алдын алды.

Осылайша, мемлекеттік кірістер департаменті тексеру шеңберінде "Қазхром "Көлік Компаниясы" АҚ келісім-шарт қызметі шеңберінде салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді дұрыс есептемегені анықталды, осыған байланысты заңды тұлғаға 107 миллион теңге мөлшерінде салық қосымша есептелгені анықталды.

Өтініш беруші хабарламаға (есептеу бойынша) Астана қаласының сотына шағымданды.

АҚ қоршаған ортаға шығарындылар үшін төлемнің болмауы қалдықтардың бір бөлігіне үш ай бойы сақтауға рұқсат берілгенін, ал қалған қалдықтар бөлігіне рұқсат талап етілмегенін түсіндірді.

Сот шешімімен АҚ-ның өтініші қанағаттандырылды, салық есептеу бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының әрекеттері заңсыз деп танылды және күші жойылды.

Астана қаласы прокуратурасының өтініші бойынша апелляциялық сатыдағы сот қоғамның қалдықтарды уақытша сақтау шарттарын орындамауына, сондай-ақ нормалауға жататын шығарындыларға тиісті құжаттардың болмауына байланысты сот шешімінің күшін жойды.

Осылайша, прокурорлық ықпал ету шараларымен мемлекет бюджеті 107 миллион теңгеден астам сомаға толықтырылды.

Астана қаласының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу