Астана қаласы прокурорымен сот үлескерлерге аяқталмаған «Зере» тұрғын-үй кешенін берді

05 шілде 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Астана қаласы прокурорымен сот  үлескерлерге аяқталмаған «Зере» тұрғын-үй кешенін берді - 195718705

Ағымдағы жылдың 4 шілдесінде экономикалық сотпен «Зере-Самұрық» тұрғын-үй құрылыс кооперативінің 130 үлескерлері мүддесіне енгізілген Астана қаласы прокурорының талап арызы қанағаттандырылды.

«Зере» тұрғын-үй кешенінің жосықсыз құрылыс салушылары «КазГазАстана» және «Алтын сапа 2011» ЖШС-нен 1 миллиард теңгеден астам қаржы өндірілді.

Құрылыс аяқталмаған «Зере» тұрғын-үй кешенімен жер телімі тұрғын-үй құрылыс кооперативіне берілді.

Қазіргі уақытта, үлескерлерде құрылысты аяқтауға инвесторлармен салушыларды шақыруға мүмкіндіктері пайда болды.

Құрылысты аяқтау мәселелері бойынша тұрғын-үй кешені мүшелеріне Астана қаласының прокуратурасымен әкімдігі құқықтық көмек көрсетеді.

Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың мамыр айында «КазГазАстана» және «Алтын сапа 2011» мекемелерінің басшысы Д.К. Ахмедияровқа үлескерлердің қаражаттарын жымқырған үшін 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Астана қаласы прокуратурасының

Баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу