Алаяқтықтың жаңа түрі: Астана прокуратурасы азаматтарды сақ болуға шақырады!

18 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Алаяқтықтың жаңа түрі: Астана прокуратурасы азаматтарды сақ болуға шақырады! - 476574695

Соңғы кездері қала прокуратурасы басшылығының жеке қабылдауына жиһаз өндірісі саласында көрсетілетін қызметке қатысты шағымдар жиі айтылуда.

Талдау көрсеткендей аталған салада сенімсіз тұлғалар көбейіп кеткен.

Әдетте олар тапсырысты орындауға мүмкіндігінің жоқтығына қарамастан, белсенді кәсіпкерлік қызметпен бүркеніп, тапсырыс берушілердің сенімін теріс пайдалану арқылы, алдын ала төлем сомасын (40 мыңнан 100 мың аралығында) иемденуде.

Алаяқтар тапсырыс берушіге келіп, өлшемдер жасап, жиһаздың жобасымен келіседі, кейін өздеріне тиесілі емес дайын жұмыстарды көрсетеді.

Олар тапсырыстан бас тартпайды. Тек түрлі себептермен орындау мерзімін кейінге қалдырады. Оған қоса көбінесе оларда кәсіпкерлікпен айналысуға құқық беретін тіркеу болмайды.  

Осы тектес әрекеттердің бірі бойынша қала прокуратурасының нұсқауымен алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде.

Тергеу барысында «О» есімді азамат Астананың 15 тұрғынымен  келісім-шартқа отырып, онда тіркеу мерзімі 2011 жылы аяқталған фирманың  реквизиттерін көрсеткені анықталды. Алдын ала төлемді алып, міндеттемені орындамаған. Цех пен арнайы жабдықтары болмаған, ал қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсап отырған.

Өкінішке қарай жәбірленушілер құқық қорғау органдарына көп жағдайда жүгінбейді. Оған себеп, залал көлемінің аздығы және сотқа дейінгі тергеп-тексеру мен сотта даулаусуды қаламайды. Бұл -  алаяқтықтың көбеюіне жол береді.

Өз кезегінде аталған әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық көзделген.

Осы тектес оқиғалар орын алған жағдайда азаматтарға қылмыстық қудалау органдарына жүгінуге кеңес береміз.

Астана қаласының прокуратурасы

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу