119 млн. теңгеге залал келтіргені үшін экстрадицияланған қылмыскерлер сотталды

29 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
119 млн. теңгеге залал келтіргені үшін  экстрадицияланған қылмыскерлер сотталды - 870583970

Жылдың басынан Астана қаласы прокуратурасының өтінішхаттары бойынша 4 Қазақстанның азаматтары шет мемлекеттерден экстрадицияланған.

Қазіргі таңда қала соттарымен аталған тұлғалар ұзақ мерзімдерге бас бостандығынан айыру жазаларына сотталған. Жәбірленушілердің талап арыздары қанағаттандырылған.   

Олардың ішінде Қуанышбай Хамраев, алаяқтық жасағаны үшін айыпталып, 8 ай халықаралық іздеуден кейін Өзбекістаннан қайтарылған.

Ол өзінің таныстары арасында жоғары лауазымды шенеуніктермен қарым-қатынастары туралы және сот дауына қатысты мәселелерді шешуге көмектесуге мүмкіндігі бар екенін айтып, алаяқтық жолмен 40 млн. теңгені жымқырған.   

Екінші сотталған Қайрат Оразбеков, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен 23 млн. теңге құрайтын мүлікті ұрлағаны үшін бір жылдан астам уақыт халықаралық іздеуде болған.

Ауыр қылмысты жасағаннан кейін, күдікті қылмыстық қудалау органынан Украинада жасырынғаны үшін халықаралық іздеу жарияланған.  

Астана қаласының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу