Әкімшілік айыппұлдың салынғаны туралы хабарлаудың жаңа әдісі

16 November 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Әкімшілік айыппұлдың салынғаны туралы  хабарлаудың жаңа әдісі  - 861366951

Астана қаласының прокуратурасы ішкі істер органдарымен салынған әкімшілік айыппұлдардың төмен өндірілу мәселесін  талдады.

Бұл көрсеткіш соңғы 5 жылда 50%-дан аспай келген.

Енгізілген айыппұлдардың елеулі бөлігі төленбеуінің негізгі себебі бұндай берешектің бар екенінен бейхабар болғаны.

Мекенжай деректерінің ескіргеніне байланысты поштамен жіберілген тиісті ұйғарымдар құқық бұзушыларға жетпеген.

Осыған байланысты, Полиция департаментімен 2017 жылғы қыркүйекте айыппұлды төлеу қажеттілігі туралы біржолғы СМС-хабарламалар тестілеу тәртібінде жіберілді.

Алайда көптеген тұрғындар қабылданған ақпараттың шынайлылығына күмән келтірді.

Оны болдырмау үшін қалалық прокуратура полиция департаментімен бірлесе отырып, мүдделі мемлекеттік органдардың пікірлері ескерілген алгоритм әзірледі.

Енді, жол қозғалысы ережелерін бұзған жағдайда, айыппұл туралы ақпарат Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне енгізіледі, содан соң құқық бұзушының телефон нөмірі электронды үкімет порталының бірыңғай байланыс орталығынан тексеріліп, оның арнайы жүйесімен төленбеген айыппұл туралы хабарлама жіберіледі.

2018 жылдың сәуір айынан бастап СМС-хабарлама әдісі онлайн тәртібінде толықтай іске қосылды.

Осы уақыт ішінде 140 мыңнан астам құқық бұзушыларға айыппұл туралы хабарлама жіберілді. Бұл қызмет бюджеттен қосымша шығындарға әкелмейтінін атап өткен жөн.

Айыппұлды төлеу процесін жеңілдету үшін құқық бұзушыларға әкімшілік істің номері мен сомасы, сондай-ақ  айыппұлды 7 күн ішінде төлеген жағдайдағы 50%-қ жеңілдікті алуға болатындығы көрсетілген СМС-хабарлама жолданады.

Хабарлаудың жаңа әдісін қолданудың нәтижесінде елордалық полициясымен салынған айыппұлдарды өндіріп алу деңгейі 73%-ға артты.

Оған қоса, 50%-ық жеңілдікпен айыппұл төлеген азаматтардың саны артуда (50 579-дан 91 382-ге дейін).

Бұл ретте, құқық бұзушыларды ақпараттандыру сапасын арттыру мақсатында прокуратура органдары «Qamqor.gov.kz» сайтында «Айыппұлдар туралы мәлімет» бөлігі туралы еске саламыз.

Онда азаматтар хабарландыруды күтпей-ак, салынған айыппұл туралы ақпаратты дербес тексере алады.

 

Астана қаласының прокуратурасы

 

 

Comments

Add new comment